Біз туралы



«адал АС» өндірістік компаниясының мақсаты - ұлттық тағамдарды өндіру, ұлттық тағамның құндылығы мен құнарлылығын халыққа насихаттау, ұлттық тағамдарды өндіре отыра ұлттық өнімнің сапасын арттыру, өз өнімін экологиялық таза өнімнен жасанды қоспасыз әзірлеу. «адал АС» өндірістік компаниясы 2009 жылы алғаш рет өз өнімімен Семей қаласының тауар өндірушілерінің көрмесіне қатысып, халыққа бидайдан жасалған бабаларымыздың дәмі, ұлттық тағам талқан мен жентті ұсынды.


«адал АС» сауда белгісінің атауымен өндірілген алғашқы өнім - бидайдан жасалған талқан. Талқан - тоқ әрі тойымды тағам. Халық қиын-қыстау кездері талқанды талғажу қылғаны бабаларымыздың өткен жолынан, кешегі тарихымыздан белгілі. Ұзақ уақыт сақталатын талқанның көшпенділердің нағыз құнарлы, нәрлі тағамы болғаны белгілі.

Жент болса, қазақтың үлкен сыйлы, құрметті қонағына ұсынатын дастархан сәнін келтіретін тәтті дәмі. Бұл өнімдерді «адал АС» сауда компаниясы ұлттық дәстүрлі әдіске жаңа толықтырулар қоса отыра экологиялық таза өнімдерден халық сұранысын ескере отыра өндіріп келеді. Кейіннен қазақтың ұлттық өнімі бауырсақ жасау қолға алынды. Жаугершілік заманда да бабаларымыз ат үстінде жүре ұзақ сақталатын ашытқысыз бауырсақты пайдаланған. Бүгінгі күні ашытқысыз бауырсақтың домалақ бауырсақ немесе ши бауырсақ сынды түрлері халыққа кеңінен таныс.
«адал АС» компаниясы бауырсақ өнімін жасауда халық сұранысынан, талғамынан шығып келе жатыр.
«адал АС-тың» құрт өнімі де ел көңілінен шығып келе жатқан сауда орындарында сұранысқа ие болып келе жатқан өнім түрі.

Бүгінде «адал АС» өндірістік компаниясы ұлттық өніммен бірге түрлі тәтті тоқаштар, печеньелер пісіріп кондитерлік өнімдері қатарын толықтырып келеді. Той, мерекелік шараларға тапсырыстар орындап, жасанды қоспасыз тәттілермен тұтынушылар көңілінен шығуда. Алдағы жоспары - қазақстандық тауардың әлемдік нарықта еркін қалықтауына өз үлесін қосу, сапалы, бәсекеге қабілетті, экологиялық таза өнімімен танылып халық игілігі үшін қызмет ету, «адал АС-ты» әр үйге жеткізу!

"адал АС" компаниясы жұмысшыларға қолдау көрсетуде


Ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, кәсіпорынның аяққа нық тұруына үлес қосқан 9 адамды "Сарыағаш" шипажайына демалуға жіберді.
«Made in KZ» бағдарламасының бұл бөлімінде біз өз компаниямыз және сүйікті бауырсақтардың жасалу барысы жайлы айттық
Made on
Tilda